Сәл ғана бақыттымын…

Бөлісу

Жалпы осы бақытты адам деген кім?

Осыдан он шақты жыл бұрын Луиза Хейдің бірнеше еңбегімен таныстым. Ерте емес, кеш емес, дәл қажет уағы болатын. Сол кездері руx беретін, жүректерге сенім ұялататын дүниеге сондай мұқтаж ем. Міне, сол нәрсені осы авторың еңбектерінен таптым. Сөйттім де, кітабын оқып отырып, өз өмірімнің әр кезеңіне осы жазушының көзімен қарадым. Сол арқылы алғаш рет, «мұның бәрі өз ойымның жемісі екен ау» деген шешімге келдім. (жақсысы да, жаманы да) Себебі, ол еңбегінде «жақсыны көп ойласаң, көп айтсаң, көбірек соны көресің» депті. Тамаша емес пе?! «Бірақ, бір жаманы неден қорықсаң, жек көрсең, қаламасаң, қашсаң дәл соған кезігесің. Өмір де, ағзаңыз да «ауырғым келмейді» деген ақпаратты ұқпайды. Ол тек «ауырғым» деген ақпаратты қабылдайды. Сол себепті, нені қаласаңыз тек соны ойлаңыз» депті.😳 Алғаш кездері тек жақсыны ойлау мүмкін еместей көрінді. Қарның ашып тұрса, «Қарным тоооқ, қарным тооочно тоооқ» деп қалай ойлаймын дегендей ғой. 😀 Бірақ, тырыстым. (жалпы, НЛП-мен көбіңіздің таныс екендеріңізді түсініп отырмын😀. Десе де, оған менің көз қарасымды айтып кетейінші дегенім ғой…)
Ең ұнағаны – сөзіне сенер болсақ, осы күнге дейінгі өміріңді өз қолыңмен қалай жасасаң, дәп солай ендігі келер күнді де өзің жасай аласың деген ақпарат болды. Лап ете түстім. Сендім. Сол сенімді арттыра түсу үшін тағы бір еңбегін аштым. Бекер болды мұным. 😔. Кітап расында тамаша жазылған. Көзіңді ашады. Өмір сүруге шабытыңды шақырады. Тек соңғы беті бүк түсірді. Кітабын «Кәзіргі күні жасым пәленшеде. (ұмытып қалыппын, егде жас болатын) Өзімді ерекше бақытты сезінемін. Білемін, сіздің түсінігіңіздегі бақыт менікінен бөлектеу болуы мүмкін. Ал мен үшін бақыт деген кешкілік жұмыстан оралған сәтте жылы үйімде мені асыр салып қуанып, сағынып күтіп алатын екі итіммен қауышу. Менің отбасым солар» депті. 😨
Расында менің түсінігімдегі бақыт мүлдем бөлек еді. Қалай сонда? Атақ бар, ақша бар, ал қасында иттен сәл ғана адамдау жанның болмағаны қалай? Бала ше? «Апа, кәмпит жеймін. Апа, су ішемін. Апа тышамын. Апаааа, боооолдыыыым!!!…»-ше деген ойлар маза бермеді. Дәл алданып қалған адамдай күйде болдым. Өзгелерге берер нәрсе ең алдымен өзіңде болу керек емес пе? Өзгеге үйретер нәрсеңді алдымен өзің білуің керек емес пе? Кәдімгідей опустошение болдым. («ішім босап қалды» дейін десем, келмей қалғалы тұр😀) Сол күннен кейін бұл автордың еңбектеріне бет бұрғам жоқ.
Жалпы, бұл кішкене мысал менің (адамның) болмысын жақсы көрсететін тәрізді. Өмірдің бізге бергенінен де, бермегенін көптеу көреміз. Алғанымыздан да, қол жетпегенін ұмыта алмаймыз. Барымыздан да, жоғымызды көптеу ойлап, қайғырамыз. Өзге біреу келіп үйімізді толық ағартып берсе, қабырғаның тегіс боялған шетінен бұрын аламыштау тұсын бірінші байқаймыз. Бөлмеге сұлу қыз кіріп, жасқанып жымиғанында алдыңғы бір тісінің жоғын көрсек, бар әдемі көріністі сол КЕТІК-ақ шайып кетеді.
Неге? Тажалмыз себебі. 😀 Бәрі бір мезетте бола қалу керек. Саулық та, барлық та, сұлулық та, өзіңсіз өмір сүре алмайтын жандар да, байлық та,(байлық болмаса да, не киемін, не ішемін дегізбейтіндей қаражат☺) сүйікті жұмыс та. Міне, осының бәәәрі бірдей бір басыңда болса – бақыт деген сол. Сіздерге жала жаппай ақ қояйын, өзім осылай ойлаушы ем. ☺ Және, осы аталған заттардың көөөбін Алла маған беріп келіп, тек бірін ғана ұстап қалғанда мен дәл манағы Луиза Хейдің кітабының соңғы бетіне келгендегідей таза бүліндім. Сол сәтте ақ қолымдағы осы күнге дейінгі өмірдің беріп келгенінің бәрін лақтыра салдым да, тұрған жерімде шалқадан құлай кетіп, «еееең керегін бермедің😭» деп жер тепкілеп жылай бастадым. Барымды емес, тек КЕТІГІМДІ көретін болдым, тек соны жамағым келетін, маған қарағанның бәрі бірдей тек соны көретіндей жасқанатын болдым, өзімді сол құрып қалғыр кетік үшін жек көретін болдым. Нәтижесінде? Нәтижесінде, шын мәнінде қолымдағы барымнан айрылып, өзім бір бүтін әлгі кетік болып кете жаздадым ғой. 😀 Луизаның қорыққаныңнан да, қалайтыныңды, қашқың келетініңнен де, жеткің келетінді, жек көретініңнен де, жақсы көретініңді көбірек ойла, сонда соны көресің дегені осы болса керек. Аллаға шүкір мұны ұғуға шамам жетті. ☺
Ал мені сырт айналдырған таңдауына келер болсам, әзір оның қаншалық мықты әйел екенін мойындаймын. Бала күнінде зорлануының кесірінен өсе келе жатыр ісігіне шалдыққан ол, ана болу бақытынан айырылса да, (нақты дерек емес, солай болар деп шештім) Жаратқанның бар сиына лағынет айтып, өмірден безінген жоқ. Керісінше, әлемдегі көптеген руxы әлсіреген әйелдерге үміт силады. Жігер берді. Үлгі болды.
Иә, әркімнің бақыт жайында өз түсінігі бар. Менің де. Және, бұл күні мен үшін бір заттың өмірімде көп болуы да, немесе оның мүлде жоқ болуы да бақыт өлшеміме еш әсер ете алмайды. Себебі, бақыт жүректе. ☺

P.s:
Ал жақында С.Ковидің кітабын оқып отырып, ойламаған жерден дәл бетіме біреу су бүркіп жібергендей күйге түстім. Былай депті: «Мен НЛП бағытын ұстанатын жазушылардың еңбектерін сыйлаймын. Бірақ, олармен бір келіспейтін тұсым бар. Айтыңызшы маған, теек жақсы ойлаудың, өзіңізді соған сендірудің арқысында сіздің өміріңіз, айналаңыздағы адамдардың сізге деген көз қарасы, финанстық жағдайыңыз, денсаулығыңыз қалайшa жақсы жаққа өзгермек? Егер, сіз өзіңіз әлі күнге сол баяғы жалқау, сұмырай маскүнем болып қала берсеңіз. Сол себепті, жоғарыдағы аталғанның бәрі бірдей өзгерсін десеңіз, ееең бірінші өзіңізді тәрбиелеуден бастаңыз…» депті.
😂😂😂 Сойып айтыпты. Ұнады.

(ескіііі жазба. Ақылым бүйірімнен қааатты қысқан күні жазған сияқтымын ғой. Десе де, С.Ковиді Р.Кови деп жазып қойғаным есімде. Шынар әпке түзеген))))

Авторы Торғын Халелова

Алғашқы пікір жазушы болыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail басқалаға көрінбейтін болады.


*