Онтологиялық таным деген не?

Бөлісу

Біз мұнда жауап жазғанда біреуге ағыл-тегіл ақыл айтып, мораль оқуға мүмкіндік бермейміз. Неге? Себебі Франкл бүй деп жазады. Логотерапевт моралист та емес, интеллектуал да емес деп жиі айтамын. Жалпы моральдік таным 21 ғасырда қартайып болды. Енді жеміс бермес. Бұдан былай халық онтологиялық танымға ойысады. Яғни моральдік таным онтологиялық танымға орын босатады. Әйтпесе Мән тауып, мағыналы өмір сүру қиын болады.
Неліктен Франкл өй деді? Екі таным жайлы толғаныңыз. 21 ғасырда шешуші танымға айналған онтологиялық таным деген не?

Моральдық таным бұрын жемісін берген. Ол кезде «Қой, ұят болады. Қой, күнә болады» десе жұрт қоя салатын. Ол заманда қара халық «мынау дұрыс, мынау дұрыс емес» деп кесіп айтатын. Категоричность осыдан кеп шыққан рухани ауру. 21 ғасырда Моральдық танымға қатып қалған адам АҚ және ҚАРА түсті ғана көретін жартылай соқыр болады. Мысалы СССР кезінде черно-белый телевизор көріп үйренген адам сияқты. Ондай адам модерн ТВ түрлерін көрсе таңғалып талып түсер еді. Сондықтан моралистер қоғамдағы любой құбылысты екі ақ түсте талдайды. Ақ дид немесе қара дид. Сонымен бітті шаруасы. Ал, онтологиялық танымға өту деген трансцендентті әлемге терезе ашу дегенді білдіреді. Яғни адамның түпсанасына Хикмет сәулесі түскен кезде ғана көктейді. Онтос – фундамент, іргетас, түпнегіз, оригинал, қайнар бастауы, ең бірінші экземпляры деген мағынаны білдіреді. Бұл танымды сіңірген адам елді мезі қылатын моральдық кодекстерден аулақ тұрады. Бірақ бүкіл мораль құндылықтарын өзі тұтынып жүреді. Ол қоғамдағы кез келген құбылыстың ОНТОСЫНА яғни түпнегізіне үңіледі. Мұның бастауы қайда? Бұл неден басталды? Шынымен де осындай феномен Тәңір әлемінде бар ма? Маған таңылатын құндылықтар, телінетін адами қасиеттерін нақты объекті ретінде бар ма өз? Болса оны қалай табуға болады деп толғанады. Ақыл ой, сана-сезімі онтосқа бейімделген кемеңгер логофан онсыз да сорлап отырған сормаңдайға ешқашан қанын сорғалатып ақыл айтпайды. «мынау дұрыс емес!» деп көкірегінің жүнін жұлып, жерді тепкілемейді. Оқиғаны бүкіл түр-түсімен онтосқа салып талдап, алдыңа қояды. Сосын «мұның қай жағында Хикмет басым? Қалай ойлайсың?» деп таңдау жасап, шешім қабылдауға шанс береді. Есі дұрыс адам Ерік қалауын іске қосып, сөзсіз мәнді тарапты таңдайды.
Қазір моральдық танымға қазақ қоғамның 99% пайызы плотно ұрынған. Соның кесірінен оқыс оқиғалар терең талданбайды. Оқиғаның түпбастауына үңілуге моралистер мүмкіндік бермейді. Қит етсе қалың тобыр «ол дұрыс емес! Мынау енді дұрыс па? Бұрын мұндай сұмдық болмаған! Ұятсыз қызды тепкілеп өлтіру керек!» деп ақиып шыға келеді. Черно-белый телевизор көріп отырған отсталый адаммен есі дұрыс модерн адам кинодағы табиғаттың түр-түсін қалайша дұрыс талдауы мүмкін? Сондықтан да онтологиялық танымға ақылы ұласқан елдің бәрі әманда өркениет көшінің алдында жүреді! Бірақ, бұдан мораль өлді, енді оны қолданбайды дегенді білдірмейді. Сол себепті, моральді нұқымайды, тұтынады.

Логотерапияның онлайн-сабағынан…

Алғашқы пікір жазушы болыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail басқалаға көрінбейтін болады.


*