Трансцендентті тіршілік иесі деген не?

Бөлісу

Роло Мэй бастаған экзистенциалистер Болмыс мәселесінде көп нәрседе келіседі. Бірақ Франкл бір нәрседе оларға соққы береді. Болмыс интенционалды тіршілік иесі. Оған дау жоқ. Яғни адам жоспар құрып, мақсат, мұратқа ұмтылады. Мақсат-мұраты болмаса лағып, босып кетеді. Бұл 100% рас. Бірақ Франкл бүй деп қосады. Адам интенционалды ғана емес, сонымен қатар трансцендентті де тіршілік иесі. Кейінгі кезде адамның осы қырын көзге ілмеу мода болды. Енді осы ойды Франкл стильінде тарқатыңыз. Не ол трансцендентті тіршілік иесі деген? Бүгінде бұл проблема қазақ қоғамында күйіп тұр.р Өмірден мысал беріп теманы талдаңыз.

Франкл көке бүй деп соққы береді. Өзін өзі трансценденция жасау Болмыстың нағыз тіршілігі саналады. Яғни пенде пақыр миллион жерден ит тіршілікке маталып тұрса да ғайыпқа қарай ұмсынып, тартылып тіпті жұлқынып тұрады. Бұл тамаша қасиет! Осы ғайыптағы МӘН мен өзінің арасын транссубъективті аймақ деп те атайды. Кейінгі кезде кей пысықтар осы аймақ жайлы жақ ашпайды. Қасақана көрмейді. Ал адамның бүкіл ерлігі именно осы транссубъективті аймақта өтуі тиіс. Яғни любой ситуацияда арына құлақ түріп, ондағы МӘНді жұлып алуы керек. Қазір көбі адам интенционалды жаратылыс деп айта береді. Иә, рас. 100 % шындық. Жоспар құрмай, мақсатын айқындамай адам іс жасай алмайды. Бірақ адам сонымен қатар трансцендентті тіршілік иесі. Оның Тәңірлік қыры мен сыры көзге ұрып тұруы тиіс. Адам МӘНге именно осы трансцендентті қырымен талпынады. Ол ғайыптағы сыңсып тұрған иләһи құндылықтарды жүрегіне сіңіріп, оларды материаға айналдырып, жұртқа, қоғамға ұсынуы керек. Бұл МӘН игеру жұмысы психикада кернеу (напряжение) туғызады. Реал мен Қиял яғни Идеал арасындағы кернеу. Болмыс идеалды қарабайыр тіршілікке дарытқысы келеді. Дарыта алмаса құса болады. Ал реалистер «оу, көке, есебіңе мықты бол. Реал өмірмен тіршілік ет. Нең бар сенің идеалда. Онымен ана қияли топ шұғылдана берсін» деп тоқтатады. Адам ғайыппен байланыс орнатпай, тек ішім-жемге байланса мисыз мақұлыққа ұқсап кетеді.
Енді қазір мотиваторлар қаптады. Олар да дұрыс. Жігері құм болған бишараларға мотив беріп, кәсіп сыйлап, уақытша болсын жұбаныш тауып береді. Бірақ олар адамның Тәңірлік қасиетін тұншықтырып тастайды. Себебі интенционалды қырын дүниелік тек табыс пен жетістікке жету деп қана ұқтырады. Сол кезде ноологикалық қабатта «сонда адамның бары сол ма? Адам бұдан артық көтеріле алмай ма? Мақсатыма жетсем толық өмір сүрген боп саналам ба?» деген сұрақтар қаптайды. Бұл сұрақтарды жауапсыз қалдыра беруге болады. Бірақ өлім сағаты жылжып жақындаған сайын АЛАҢ феномені мойынға түскен петляны жәйлап тарта береді. Ол кезде адамды қаншалықты успехпен өмір сүрдім деген нәрсе мазаламайды. Қаншалықты мағыналы тіршілік кештім деген экзистенциялық сұрақ тергеуге алады. Логотерапия пендені осы ең маңызды, ең жауапты кезеңге дайындайды. Қолыңнан келсе табысқа жет. Бірақ Тәңірлік қырыңды ұмыт қалдырма! – деп ескертуден жалықпайды. Қоғамда мақсат, мұратына жеткен талантты қазақтар баршылық. Бірақ олар қартайған кезде «билік еңбегімді елемеді. Бір медаль тағатын жөні бар еді» деп позор боп отырады. Неге? Себебі олардың трансцендентті қасиетін қырқып, қырып, қашап, бітеп, сылап тастаған. Соның кесірінен жеткен мақсаты мен мұратынан иләһи кайф ала алмайды.

Логотерапияның онлайн-сабағынан.

Адамды өзге тіршілік иелерінен даралап тұратын ерекше екі қасиеті бар. Біріншісі: өз-өзінен есеп алу, екіншісі: өзін жарып шығуы, яғни, трансценденция жасауы. Трансценденция жасау дегеніміз адам руxының бұл өмір шегінен өтіп ғайыпқа самғауы. Мұны Яссауи бабамыз «жаннан кешу» деп атаған. Қазақ ұғымында «жүрек көзінің ашылуы» деп аталады. Абайдың:
Іштегі кірді қашырса,
Түседі Хақтың сәулесі.
Жүректің көзі ашылса,
Адамзаттың xикмет кеудесі- дегені осы.
Логотерапия негізгі консепциясын осы екі ерекше қасиетпен байланыстырады. Франкл бұл турасында ойын былай сабақтайды:» Адамды дүниеге байлап тұрған құмарлық та, атақ та емес, дүниеге құштар ететін МӘН». Мән- трансцендентті, сол аймаққа өтіп мән тартқысы келген жанның ғайыпқа самғағаны жөн. Ғайып әлемдегі сигналды тартатын локатор- жүрек. Жетекші- ар-ұят. Өз ойымша, адам «келдім қайдан? Нетсем пайдам? Өлгеннен соң не болам?» деген осы үш сұрақты өзіне қойып, жауабын іздесе, трансцендентті әлемге жалғанған болар еді. «Келдім қайдан мен өлгеннен соң не болам?» деген сұрақ жауабына онша басым қата қоймайды, оған өз деңгейімде ұққан сенімім бар. Мені қызықтыратын да, алға жетелейтін де ортасындағы сұрақ «Нетсем пайдам?». Кішкене кезімде нағашы ата-әжем тәрбиелегенін бірнеше рет жаздым-ау. Сол кезде ол кісілерден ешқашан да «Мына мамандықты таңда! Жұмыс жаса! Өйт, бүйт!» деген анықталған бағдар естіп көрмеппін. Олар үнемі «адам бол! Ешкімнің ала жібін аттама! Мынаны қандай адам тәрбиелеген дегізбеңдер! Көргенсіздің баласы деп айтқызбаңдар!» деп айтып отыратын. Сонда кішкентай болсам да «адам болы қалай, онсыз да адам емеспін бе? Әлде бір жерім адам сияқты емес пе? Кісінің ала жібі деген не, әке мен әже қандай ала жіпті айтады, көргенсіз дегенді қандай жағдайда айтады?» деп ойлаушы едім. Сонда үлкендер тәртіпсіз болма, ұрлама, орынсыз іс істеме дегеннің шешімін өзіміздің ойланып ұғып алуымызға қалдырады екен ғой. Мәнді тіршілікпен араластырмай, ғайып әлемнен өзі тартсын дегені екен ғой. Кейін мектепте «Менің арманым», «Мен таңдаған мамандық» деген шығармалар бергенде «қалайша адам арманымен айқайлап бөлісе алады» деп ойлайтынмын. Мектептегі соңғы жылда іштей таңдаған журналист деген мамандықты ешкімге айтпай, оқу орнына құжат тапсыруға келгенде төбеден түскендай дүңк еткізіп жеткіздім ғой. Таңдауым анама ауыр болды. Ол өзі қалаған мамандықты ұсынды, мен өзімдікін. «Мұғалім- өлмейтін мамандық. Наныңды тауып жей аласың» деп өзгелер де азғыра бастады. «Оқысаң бастық боласың» деп жеңгелерім жүр.)) Бардым да «онда анда да жоқ, мында да жоқ деп экономист мамандығына тапсыра салдым. Бұл енді адамға мәнді айқындап беріп, тіршілікпен араластырып жіберудің нақ өзі екенін осы топта оқығаннан біліп отырмын. Ешқандай трансценденция жоқ, мәннің сызылған сызба түрімен жүресің. Күйбің тіршілікпен ешқандай оқу оқымаса да трансценденция дегенді ата-әжелеріміз оңай игеріпті. Әкем(атам) соғыста аяғынан айрылған адам. Арасында аяғы сыздағанда «Жаным-ау, Құдайым-ау, бұлай қинамай алсаңшы» деп айқайлайтын еді. О дүниеге аттанар шағында бауырларының аттарын атап, «алып кетуге келдіңдер ме?» деп беймәлім әлемді көріп жатты. Бұл жағдай әжемде де болған. Мен көре алмадым, әжем көріп сөйлесіп отырды. Ол кісілерде білім болмаса да ар-ұят, бауырмалдық, Аллаға деген сенім мен дәстүрге деген құрмет мығым еді. Мұны адам ақылмен тани алмайды. Пайғамбардың Миғраж оқиғасын, Яссауи бабамыздың Пайғамбарымызбен, Жебірейілмен, Қызырмен сұқбаттастым дегені де адам болмысының бұл дүниенің өлшемінен шыға алатының анық белгісі. Алдыңғы ми бөлшегі зақымданған адамнан басқа мифтік таныммен кіре алатын адам үшін түсінікті құбылыс. Майқы би айтыпты дейтін қазіргі заманды дөп сипаттаған сөздер ватсап желісінде неше жылдан бері айналып жүр. Нақ, әрі дөп түскен сөздерді оқып отырып, қалайша дәл айтқан деп таң қаласың. БұныМайқы бидің осы әлем шегінен өтіп, ғайыптан тартқан құндылығы деп қабылдасақ. Барша адам өзін трансценденция жасай алады. Жұмыртқа қабығын жарған балапандай ғайыпты көре алады. Екі әлем азаматы бола алады. Мәнге талпынысы тоқтамаса.

Авторы: Венера

Алғашқы пікір жазушы болыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail басқалаға көрінбейтін болады.


*