Дәреттің үш түрі

Бөлісу

 Хақ сыпырасында отырғанда Қожа Ахмет:

-Хикмет бұлағын ашып,Құдайдың қазынасына жеткілерің келсе тазалыққа сақ болыңдар.Сендер діннің заһир және батин болып екіге бөлінетінін жақсы білесіңдер.Сол сияқты дәрет алып,тұла бойды таза ұстағанда оның хикметіне терең мән беріңдер.Салақ дәруіштің жансарайы күңгірт болады. Тазалық басты назарда тұрсын!-деді. Бір шәкірті:
-Тақсыр, біз ешқашан намаз бен зікірге таһарат алмай тұрмаймыз.Дәретсіз жер баспаймыз. Сіз енді дәрет алудың хикметін толығырақ ашықтасаңыз- деді.

  • Тұла бойың таза болмаса құлшылыққа қатыспа. Тазалық иманның жартысы деген хадис шәріпте. Асыл рух таза тәннің ішінде құлшылыққа құштар болады. Дене дәретсіз болса,асыл рух жиіркеніп, жиырылады. Рух шіркін қайраттанып,сілкініп, үнемі сергек тұрмаса нәпсінің уыты көңілге тез тарайды. Одан бөлек жүрек таһараты және бар. Ет- жүрекке кібірлік ұрығы түспесін. Өзіңді өзгеден артық көретін ойдың көкірекке енуіне жол бермеңдер. Тәкаппарлық жүректі былғайды.Көңілдің көзін қараңғылық пердесі қаптайды. Үшінші тіл дәреті. Жалған сөз, өсек әңгіме, бос сөзден тілді пәк ұстаңдар.Сондықтан момынның іші тазармай, ісі де ағармайды. Жан бақшасында Алланың бұлбұлы сайрамайды. Хақтың жолын таңдаған момындар денесін ысқылап жуғанға мәз болмасын. Көңілін кір басқан мұсылманға Алланың парыздары салмақ боп сезіледі. Құлшылықтан рахат алудың орнына азаптанып, қиналады. Көңілдің кірі кетпей,Хақтың нұры жүректің көзін ашпайды. Тазалық тән мен жанда қатар жүрсін, – деп Яссауи сөзін тәмәмдапты

Яссауи Феномені кітабынан

Алғашқы пікір жазушы болыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail басқалаға көрінбейтін болады.


*