Исми Азам дұғасы

Бөлісу

Бір адам шайқыға келіп қызмет етеді. Бірде ол адам сұрайды : Исми азам дұғасын маған үйрете аласыз ба ?
Шайқы жауап береді : Қалаға кіретін қақпаның жанына барып тұр, сосын болған жағдайды маған айтасың. Адам қала қақпасының жанына барып күтеді. Шамалы уақыттан кейін есегіне отын артқан ағаш кесетін қарияны көреді . Сол кезде күзетшілер жақындап, ағаш кесушіні ұрып, отынын күшпен тартып алады. Адам оралып, болған жағдайды шайқыға айтады. Шайқы одан сұрайды : Егер сен Исми азам дұғасын білгенде не жасайтын едің ?

  • Күзетшілерді құртуға дұға жасайтын едім.
  • Сен көрген ағаш кесуші қария – Исми азам дұғасын маған үйреткен адам екенін біл. Бұл дұғаны адамдарға жанашыр, мейірімі барларға ғана үйретеді. (Рухуль – Байан 1/338).
    Тағылым : «Исми Азам » – Алланың ұлы есімі бар дұғаның аты. Білетін нәрсеңді әркімге айта бермеу қажет екені бұл оқиғадан анық болады. Әсіресе түсіне алмайтын адамдарға нәзік нәрселерді үйретуге болмайды. Али ( разыйаллаһу анһу ) айтады : Құпия – сенің тұтқының. Ашқан кезде құпияның тұтқыны боласың. Досыңа сырыңды айтпа, себебі досың досына айтады. Бірден қарғыс айтуға жүгінбеу қажет. Бірінші қателік жасаған адамның түзелуі үшін дұға жасау қажет. Адамдарға мейірім, жанашырлықпен қарау қажет, себебі біз де қателік жасауымыз мүмкін . Бұдан бөлек жәннат өте кең барлық адамды сыйдыра алады.

Алғашқы пікір жазушы болыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail басқалаға көрінбейтін болады.


*