ПАҚЫРНАМА

Бөлісу

СӨЗ БАСЫ

Халыққа қалаулы ұлы ғалымдарымыздың көпшілігі және олардың шығармалары осы уақытқа дейін орынсыз қараланып келді.

Солардың бірі – Ұлы Түркістанның ойшыл ғалымы, философ Қожа Ахмет Яссауи.

… Руаяттарында өзі айтқандай, Ахмет Яссауидің рухы миғражда Мұхаммед пайғамбарға көрінеді және төрт жүз жылдан кейін оның жансыз денесіне қайта кіріп, Мұхаммедтің жолын, идеясын жалғастыруы Жебірейіл періштенің сөзінен аян болады:

…Төрт жүз жылдан кейін шығып үмбет болғай,

Неше жылдар жүріп халыққа жол көрсеткей,

Он төрт мың мужтаһидтер қызмет қылғай,

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

… Расул Акрам Мұхаммед әлеһис сәлам 63 жасында фәни дүниеден бақи дүниеге сапар қылардың алдында әсхабтарын шақырып: «Қайсыңыз менің аманатымды келешек ұрпағыма жеткізесіздер?» – деп сауал қойғанда түркі халықтарының әулиесі Арыстан Баб сол кезде үш жүз жаста болып, отыз үш түрлі дінмен танысып, ішінен ислам дінін таңдаған екен. Сөйтіп пайғамбар аманатын тапсырып, көңілі жай тауып, Алла құзырына 63 жасында жол алған екен.

Арада 500 жыл өтіп, Хазірет Арыстан Баб шөлде бара жатып жеті жастағы Ахметті кездестірген. Ахмет әулие Арыстан Бабты танып «Ұстаз, менің аманатымды беріңіз» –  деп сұраған екен. Бұл руаятта өте терең мағына бар, өйткені көңілі пәк, құдай жолында таусылмас еңбек көрсеткен уәли адам ғана мұндай дәрежеге нәсіп бола алады.

Қолыңыздағы кітапша Ұлы Бабамыздың «Диуани Хикмат» кітабынан алынып, оның пақырнама және мұнажатнама баптарының қазақ тіліне аудармасы.

Сол уақытта барлық мұсылман шығыс елдерінде жазылатын кітаптар, өлеңдер араб және парсы тілдерінде жазылып келген болса, Қожа Ахмет Яссауи кітабын өзінің халқына түсінікті тілде, яғни көне түркі тілде жазған. Сол себептен де оның өлеңдерін халық тез игеріп, ауыздан-ауызға жеңіл жеткізіп, тез жатқа алып, айтып жүрген.

Оқырман жұртшылықтың назарына ұсынылып отырған А. Яссауидің бұл еңбегін біз мүмкіндігінше түпнұсқаға жақындау болу жағын көбірек ескердік. Ыждаһатпен көңіл қоя оқыған ойлы оқырманға ескі түркі тілінде жазылған шығармаларды түсініп тануы көп қиындық тудыра қоймасы анық. Белгілі мөлшерде қиындық бола қалған күннің өзінде, бір жағынан әдебиетіміз бен мәдениетіміздің атасы саналатын ескі дәуір классиктерін түпнұсқадан тануға, екінші жағынан, ата туыс халықтарымен әдеби, мәдени қарым-қатынас қалыптаса бастаған қазіргідей дәуірде тіліміздің, тарихымыздың түп-тамыры – көне түркі тіліне көз-құлағымызды үйретіп, жаттықтыра беру артықтық етпесе керек деп білдік, сондай-ақ кітапшада кездесетін көне түркі, араб және парсы сөздерінің мағынасы арнайы түсіндірме-сөздік ретінде келтірдік.

«Диуани Хикмат» – біздің ата мұрамыз, асыл қазынамыз, мәдени-рухани байлығымыз. Оны біліп үйрену біз үшін парыз да, қарыз да.

Қолыңыздағы кітапша сол Ұлы Дариядан бір тамшысы, Ахмет Яссауидің туғанына 800 жыл толуына арналған еңбектің алғашқы қадамы, келешекте осы «Диуани Хикматтің» толық аудармасын табыс етудің бастамасы ғана.

Аударуға қолданылған түпнұсқа 1904 жылы ҚАЗАН баспаханасында басылған.

СЫЗДЫҚОВ Керімбек – филология ғылымдарының докторы, профессор.

Ауғузубилләһи минәш шайтанир ражим, бисмилләһир рахманир рахим, әлһамдуллилаһи раббил аламин.

Құрметті оқырман қауым!

Қолыңыздағы кітапша – ислам дүниесіне әйгілі, Түркістан мүлкінің шайқ ул-машайығы, Хазіреті Сұлтан ул-әнбия Қожа Ахмет Яссауи рахметуллаһи әләйһаның «Диуани Хикмат» кітабының пақырнама және мұнажатнама атты баптарының араб әліппесінен қазақшаға аударылған үлгісі.

Аударманың кітапқа сәйкестігін тексеріп шықтық.

Ендігі кітап оқырмандарына өтінішіміз, әлбатта, әр бір Алланың пендесінде боларлы, кейбір жол қойылған қателеріміз назарларыңызға ілінсе, ақыл көзімен көріп, көңіл қаламымен түзетіп, ғапу етегімен жапқайсыздар!

Иллаһа, мемлекетімізге тыныштық, бір-бірімізге мейір-шапағатты қылсын, осы сауапты және қайырлы іске қол ұрған және кітап мутаала қылушы аға-інілердің өткен ата-аналарына рақмет қылып, тірілеріне бақытты өмір ата қылсын, бәрәһматика я әрхәмәр рахимин!

Түркістан хилует мешітінің имамы наибі Әбілаз Әбулхайырұлы.

Бисмиллаһир рахманир рахим

Әлһәмдуллилләһи рәббил әләмин уә-л-ақибату лил-муттәқинә уәссалату уәссаламу әла Расулиһи Мухаммаддин уә алиһи уа асхабиһи әжмаин.

Алайда біліп қойыңыз бұл рисала кутуб ул-әқтаб уә сәруари машайық. Султан ул-аулия уә бурхани ул-әтқия, фәрзандхани Хазіреті Сұлтан ул-әнбия Мұхаммед сәлләлаһу әләйһи уәссалам Хазіреті Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи мынаны айтыпты: «Бізден соңыра ақыр заман жақын болғанда әр түрлі мәшайықтар пайда болып, Ібіліс әләйһи лағынеті олардан сабақ алғай уә барлық халық оларға муһиб болғай уә мүриттерін басқара алмағайлар.

Ол шайқылар муриттерінен дәме қылғай уә жаныны куфрден, залалаттан айырмағайлар уә бидғат әһлін жақсы көргей уә сүннәт әһлін жаман көргей уә шариғат іліміне амал қылмағай уә нәмәһрәмдерге көз салғайлар уә жамандық істеп жүріп, Алла-тағаланың раахметінен үміт күткей уә машайықтардың ісіні қорлық деп көргей. Мүриттері одан аулақ кеткей, өздері муртәд болғай және қорлық зарлықпен муриттерінің есігінде жүргейлер.

Сол ахуалда муриттерінен нияз алғайлар, егер муриттері нәзір-нияз бермесе ұрысқайлар, айтқайлар: «Мен безармын, Құдай безар» дегейлер.

Шын шайқылар нияз алса мустахықыларға, ғаріп-бейшараға бергейлер. Егер алып өзі жесе, мүрдар ет жегендей болғай. Егер алған ниязынан тон қылып кисе, ол тон тозғанша хақ тағала намаз, оразасын қабыл қылмағай. Уә, егер алған ниязынан нан қылып жесе, хақ тағала оны дозақта түрлі азапқа кіріптар қылғай.

Уә, егер ондай шайқыға әр кім көңілін берсе, кәпір болғай, ондай шайқылар малғұн тұрар. Оның фитнасы тажжалдан бетер тұрар, шариғатта, тариқатта, ақиқатта, мағрифатта муртад тұрар.

Әлемдердің паруардигары Аллаға мақтаулар болсын, тақуа кісілердің тағаты қайырлы болсын. Алланың Расулі – Мұхаммедке, оның бала-шағаларына және барша достарына салауат пен сәлемдер болсын!

Ей тәлип, егер Хақты талап қылып, оны табайын десең сондай бір пірге қол бергіл – ол:

Шариғатта – арифи биллаһ болса,

Тариқатта – уақифи әсрар болса,

Ақиқатта – кәмил мукәммәл болса,

Мағрифатта – дариян гумман болса.

Мұндай пірге қол берсең ісің сағадат болғай. Егер мүрит шариғат ілімін білмесе, шариғат ілімін оған үйреткей.

Егер тариқатта хали уақиға пайда болса, тариқат ілімімен жолға салғай уә ақиқат сырынан мүритке жол көрсеткей, мағрифатта жазабан хақ пайда қылғай.

Шайқы Зуннун Мисри рахметуллаһи әләйһ былай депті: «Мүрит қырық жыл қызмет қылмағанша, шайқылық уә пақырлық уә дәруіштік орны оған дайын болмас, хирка кимегі оған лайықты емес».

Хазіреті Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи былай айтыпты: «Кімде кім пірлік уә шайқылық дағуа қылар болса, қырық жыл пірдің қызметінде жүрмейінше, шақылық орны оған лайықты емес. Егер мүрит алса рәд тұрар. Кімде кім дәруіштің дағуасын қылса, әуелі Хақтың әміріне мойынсұнып, шариғат әмірімен бірге болғай уә батыл істерден, бидғат істерден өзін тыйғай. Кеше қыям болмағанша, күндізі қызмет қылмағанша шайқылық дағуасын қылса, ісі батыл тұрар. Кімде кім дәруіштің дағуасын қылса, ісі батыл тұрар. Кімде кім шариғат әмірінен шықса мүртәд тұрар. Егер тәуба қылмай дүниеден барса, Хақ тағала тамұқта түрлі азапқа кіріптар қылғай».

Ей, дәруіш, егер заһид болса, рияи абид болса, саудайы сопы болса, кедей дәруіш болса, – әр жай сопылықтары мүрдар, істері фасад, мүриттері мүртәд, сопылықтары һудройлық, дәруіштіктері дәмелік, ниеттері фитнелік, тариқаттары ибаһат, сунниттері бидғат, пейілдері қабаһат, нәтижелері шақауат, сырлары қиянат, уә ғусулдары жанабат.

Сопыларда риязат жоқ, пақырларда қанағат жоқ, ғаниларда сақауат жоқ, дәруіштерде қияметте қорқу жоқ.

Ей дәруіш, ахуалымыз нендей болғай,

Ей дәруіш, біл және хабардар болып:

Әуелі – шариғат кәлимасын,

Екінші – тарихат кәлимасын,

Үшінші – мағрифат кәлимасын,

Төртінші – ақиқат кәлимасын білмек керек.

Егер де сопы болып, бұл кәлималарды білмесе – сопы емес!

– Шариғат кәлимасы бұл тұрар: лә иләһа иллалаһу Мухамедун Расулулаһ.

– Тариқат кәлимасы бұл тұрар лә иләһа иллалаһу

Сәффан-сәффа Мухаммедун Расулуллаһ.

Әзәмәтиһи Мухаммедун Расулуллаһ һилқатиһу.

Әзәмәтиһи Мұхаммедун Расулуллаһ һилқатиһу.

– Ақиқат кәлимасы бұл тұрар: лә иләһа иллалаһу

Биқудратуһу Мұхаммедун Расуллуллаһ бирисалитиһи.

Ей дәруіш, машайық мутақаддамның пақырлығын, қабыл қылып, сөздеріне найраулығ қылып, әһкам мен әрқанларын біліп, әуейі әуестікті тастап, нәпсті мужаһада садағымен сындырып, өзіне бағындырып, және қанағатты қолға алып, қазаға риза болып, пәлеге сабыр қылып, айтқан рисалаға амал қылып, Құдай тағаланың әмірін орындаса, дәруіштік, аты оған муссәлам болар. Олай болмаса, бұларды білмей шайқылық дағуасын қылса, қиямет күні қара жүзді болып шерменде болғай.

– нәғузубилләһи мин заалика – пақырлық мәртебесі мақамы ең жоғарыдүр, әр кімге муяссар болмас.

Құдірет пен Хақтан сізге пәрмен болды,

Түпсіз теңіз ішіне жалғыз түстім, достар.

Ол теңізге Ұған Изим пәрмен қылды,

Биһамдиллаһ, сау-саламат шықтым, достар.

Жасым жетті, өмірім кетті көкке ұштым,

Бауырым тасыды, ақылым састы, жерге түстім.

Нәпсі, шайтан айласымен көп ұрыстым,

Сабыр, риза мақаматын аштым, достар.

 Тоғызымда түгел төздім, төгілмедім,

Он жасымда оң жағымға өргілмедім.

Он бірімде өз нәпсіме забыт болдым,

Пақыр, риза мақаматын кештім, достар.

Он екімде барша әруақ кәлам қылды,

Хорлар қарсы келіп маған сәлем қылды.

Сыр шәрбатын сақи болып маған сұнды,

Оны алып әдеппенен іштім достар.

   Он үшімде ғаууас болып дария шомдым,

Мағрифаттың гауһарын сырдан тердім.

Шамын көріп, пәруанадай өзімді ұрдым,

Ессіз болып, ақылым кетті, састым, достар.

Он төртімде топырақ сипат қорлық тарттым,

«һү-һү» ді айтып, басымменен түндер қаттым.

Мың алтындық қымбатымды бірге саттым,

Сонан соңыра қанат тұтып ұштым, міне.

Он бесімде дәргайыма жанып келдім,

Жазуқпенен әр іс қылдым, қате қылдым.

Тәуба қылып, Хаққа мойынсұнып келдім,

Тәуба қылып, жазмыштардан қаштым, достар. 

Жебірейіл уаһи келтірді Хақ Расулға,

Аят келді зікір айтқын деп жүззу күллге.

Қызыр бабам салды мені осы жолға,

Сонан соңыра дария болып тастым, достар.

Шариғаттың бостаны да, жаулан қылдым,

Тариқаттың гүлзарында сайран қылдым.

Ақиқаттан қанаттанып, тайран қылдым,

Мағрифаттың есігін аштым, достар.

«Аласту» хамрін пірі Мұған тоя берді,

Іше бердім, мығдарымша құя берді.

Құл Қожа Ахмет ішім, тысым күйе берді,

Тәлибтарға дүр, гауһар шаштым, достар.

Әлқисса, бұл мақам «әнбиялар уә арифтар уә ғашықтардың мақамы тұрар. Әсіресе Хазірет Расули Акрам сәллалаһу әләйһи уәссаламның мақамы тұрар, яғни «Әль-фақру фахри» деділер.

Пақырды жақсы көрмек иманнан тұрар, пақырды қор тұтпақ куфр тұрар. Сондай-ақ Хазіреті нәбина сәллалаһу әләйһи уәссалам айттылар: «һуббу-л-фуқраән минә-лаиман, уә бұғзу-л-куффри».

Алайда, пақырлық мәртебесі мен құрметі жеті қабат аспаннан және жеті қабат жерден ұлықтау тұрар. Сондай-ақ Хазіреті Расули Акрам сәллалаһу әләйһи уәссаләм айттылар:

«Хурмат-л-фуқараии-л-муғминина әғзаму индәллаһу мин сәбиғи-с-сәмауати иә сәбиғи-л-нәрзиннә.

Ей, дәруіш, кімде-кім ғаниларды дүниесі үшін икрам қылса, мәңгі бақи Құдай тағаланың лағынетіне кіріптар болар уә егер  пақырды хақыр көрсе уә иһанат қылса, Құдай тағала шексіз азапқа кіріптар қылғай. Бұл пейіл момындарда болмыс мәгәр мұнапықтарда болғай.

Хазіреті Әлі рази яллаһу тағала әнһу руаят қылуынша, дәруіштік мақамы 40 тұрар. Егер біліп, амал қылса, дәруіштігі пәк тұрар уә егер білмесе, үйренбесе дәруіштік мақамы оған арам тұрар уә жәһил тұрар.

Ол мақамнан – 10 мақам шариғатта тұрар.

                         – 10 мақам тариқатта тұрар.

                         –  10 мақам мағрифатта тұрар.

                         – 10 мақам ақиқатта тұрар.

Ол 10 мақамы шариғатта тұрар:

Әуелі: – иман келтірмек, Хақ тағаланың бірлігіне, барлығына уә сипатына уә затына.

Екінші –  намаз оқымақ тұрар,

Үшінші – ораза тұтпақ тұрар,

Төртінші –  зекет бермек тұрар,

Бесінші – хаж тәуап қылмақ тұрар,

Алтыншы – мүләйім сөйлемек тұрар,

Жетінші – ғылым үйренбек тұрар.

Сегізінші – Хазіреті Расул сәллалаһу тағала әләйһи уәссәламның сүннеттерін мүлтіксіз орындамақ тұрар.

Тоғызыншы – әмірі мағыруфты мүлтіксіз орындамақ тұрар.

Оныншы – нәһи мүнкар қылмақ тұрар.

10 мақамы тариқатта тұрар.

Әуелі – тәуба тұрар,

Екінші – пірге қол бермек тұрар.

Үшінші – қауиф пен рижа тұрар, яғни Хақ тағаланың азабынан қорқып, рақметінен үміткер болмақ тұрар.

Төртінші –  уерд әуратты орындамақ тұрар,

Бесінші – ләззат және шәһуатты тәрк қылмақ тұрар.

Алтыншы – пірдің қызметінде болмақ тұрар.

Сегізінші – насихат тыңдамақ тұрар.

Тоғызыншы – тәжирд болмақ тұрар,

Оныншы – тәфрид болмақ тұрар.

10 мақамы мағрифатта тұрар:

Әуелі – фәни болмақ тұрар.

Екінші – дәруіштікті қабыл қылмақ тұрар.

Үшінші – әр іске тәһаммул қылмақ тұрар.

Төртінші – адал, таза талап қылмақ тұрар.

Бесінші – мағрифат қылмақ тұрар.

Алтыншы – шариғатты және тариқатты барпан тұтпақ тұрар,

Жетінші – дүниені тәрк қылмақ тұрар.

Сегізінші – ақыретті ықтияр қылмақ тұрар.

Тоғызыншы –  ужуд мақамын білмек тұрар,

Оныншы – ақиқат сырларын білмек тұрар.

10 мақамы ақиқатта тұрар:

Әуелі – хакраһ болмақ тұрар,

Екінші – жақсы-жаманды танымақ тұрар және бұрын луқмаға қол салмақ бәлкім фәзлаға қанағат қылмақ-дүр. Өзінің луқмасын сәбилираһ қылмақ уә кісіге азар бермегей уә пақырлыққа мүнкәр болмағай уә сәри сулук қылмақ, әр кімнен сырды сақтамақ уә шариғат уә тариқат уә ақиқат мақамын білмек уә амал қылмақ.

Шайқы Хасан Басри рахматуллаһи әләйһ руаят қылуынша Хазіреті Расул сәллалаһи   әләйһи уәссалам Хазіреті Әли радиаллаһу әнһуға айтыпты: «Миғраж кешесі Хақ тағала пәрменімен Хазіреті Жебірейіл әләйһиссалам пырақ келтірді, жеті қабат аспаннан асырды, тәңірі Әззә вә Жәлл құдіретімен ғажайыптарды көрді, Хазірет Рәббил Аләмин сәлем қылды, Хақ тағала һабибі жауап сәлем алды. Һитаб рәббил әрбаптан нида келді. «Я сайидил мурсалин, жоғары назар қыл!»

Хазіреті Расули Акрам сәллалаһу әләйһи уәссалам назар қылды. Онда ғажайып суреттерді көрділер, оның даңқы жер көкке сыймас. Онда қайран болып, ессіз болдылар, және өздеріне келіп айттылар: «Иә, Рәб, ол не сурет еді, көрдім ақыл-есімнен кеттім?»

Хазіреті Рәббил Изеттен нида келді: «Ол сурет – пақырлық суреті тұрар, ей, Мұхаммед, егер де мені тілесең пақыр бол, тәжрид, уә тәфрид болғыл уә егер дидар тілесең риязат тартғыл. Сонда менің жамалыма мүшәрраф болғайсың, уә әркім дидар тілесе, ғайри Ғайри Хақ оған арам тұрар».

Пақырлық суреті көкте еді, көктен жерге түсті. Саһабалар пақырлық суретін көрді, дегенмен мәшайықтар ол суреттің баянында муһталиф сөйлеп тұрар».

Хазіреті Әли разияллаһу айттылар: «Хазірті Мухаммед Мустафа сәллалаһу әләйһи уәссалам ол кеше миғраждан қайтып келді, мүбәрак жүздерінен нұрды көрдім, он сегіз мың ғалам ол нұрдан маған аян болды. Сонда айттым: «Я Расул аллаһ, бүгін жүзіңізде нұр көрдім, күндегіден зияда».

Хазіреті Расул сәллаллаһи әләйһи уәсаллам айттылар: «Бұл кеште миғражда Раббил ғәләмин Хазіретін де пақырлық суретін көрдім, ғишқ шарабынан бір тамшы іштім», –  деді.

Хазіреті Әли рази яллаһу айттылар: «Бұл жағдайда мен де арман еттім».

Хазіреті Расул сәллалаһу әләйһи уәссалам ғишқ шарабынан маған да бір тамшы берді, іштім, әлсіз болып, есімнен тандым қайтадан есіме келдім. Әр нәрсе Хазіретке аян уә мушаһада еді; маған да сондай аян уә мушаһада болды. Хазіреті Расулі Акрам сәллалаһи әләйһи уәссалам айттылар: «Я Әли, пақырлықта –

10 мақам бар тұрар, уә

10 нұр бар тұрар, уә

10 жол бар тұрар, уә

10 орын бар тұрар, уә

40 мәртебе тұрар,

Ол 10 мақам бұлар тұрар:

Әуелі мақамы – қанағат тұрар, атап айтқанда Хазіреті Расул Акрам сәллалаһу әләйһи уәсәлләм айттылар: «Әл қанаәту кәнзун латф»-ты, яғни қанағат бір қазына-дүр, һаркиз таусылмас уә малдың пайдасы жоқ-тұр, өлім уақытында мунқатиғ болар.

Екінші мақамы – пақыр пәлеге шыдам қылмақ тұрар.

Үшінші мақамы – пақыр пенделікке кіріптарлық тұрар.

Төртінші мақамы –  пақыр азап тұрар, Айюб пайғамбардай болмақ тұрар.

Бесінші мақамы – пақыр ғажаптану тұрар.

Алтыншы мақамы – пақыр риязат тұрар.

Жетінші мақамы – пақыр аштық тұрар.

Сегізінші мақамы –  апат болу тұрар.

Тоғызыншы мақамы көңілі жарым тұрар.

Оныншы мақамы – пақыр Хазіреті Раббил Иззет лиқасы тұрар.

Уә 10 нұры пақыр тұрар:

Әуелі нұры – сыддық,

Екінші нұры – сабыр. Хазіреті Расул сәллалаһу әләйһи уәсәлләм айттылар: «Ас-сабру кәнузи-л-жәннати». Яғни сабыр пейіштің қазыналарынан тұрар.

Үшінші нұры – шүкір тұрар.

Төртінші нұры – пікір тұрар.

Бесінші нұры – зікір тұрар.

Алтыншы нұры – намаз тұрар.

Жетінші нұры – ораза тұрар.

Сегізінші нұры – иман тұрар.

Тоғызыншы нұры – садақа тұрар.

Оныншы нұры – жаны пәк тұрар.

Уә 10 жолы пақыр тұрар:

Әуелі – тәуба тұрар.

Екінші – жазуқтардан қайтпақ тұрар.

Үшінші – жаман істерден өкіну тұрар.

Төртінші – таңдану тұрар.

Бесінші – қорлық және зарлық тұрар.

Алтыншы – Хақ тағаладан жәрдем тілемек тұрар.

Жетінші – жаман жолдардан қайтпақ тұрар.

Сегізінші – Құдай тағаланың зікірімен болмақ тұрар.

Тоғызыншы – ойлану тұрар.

Оныншы – фәни болмақ тұрар.

Уә 10 орын тұрар:

Пақыр тұрар, хикмат тұрар, әділ тұрар, ақыл тұрар, мүләйімдік тұрар, ұят тұрар, ізет тұрар, қайыр тұрар, саттар тұрар, аманат тұрар, берілу тұрар.

Шайқы Шаһабиддің кәдда сәллалаһу сирраһу айттылар:

«Дәруішке бұл 40 шартты білмек керек. Ондай кісіні сопы дегейлер».

Сұлтан Ахмет кубира айттылар: «Жетпіс үш жыл өмір көрдім, қырық жыл мүсәпірлікте болдым, жеті жыл хаж қылдым, мың мәртебе Хазірет Расул сәллаллаһу әләйһи уәссәлләмді түсімде көрдім, мүбәрак жүздеріне қарап. Бұл 40 мақамды маған айтты, мен амал қылмадым, Хазіреті Уәжіп тағалаға жете алмадым».

Хазіреті шайқы Шаһабиддің рахматуллаһи әләйһи айттылар: «Бұл 40 мақамның оны шариғатта тұрар, уә оны тариқатта тұрар, уә оны мағрифатта тұрар, уә оны ақиқатта тұрар». Әр сопы, әр дәуріш, әр пақыр бұл 40 мақамды білмесе уә амал қылмаса, сопылық шайқылық, уә пақырлық дағуасын қылса, жалған тұрар. Егер сопыға бұл дүниенің нығметін түгел берсе, кәпірлерге ишарат қылса керек. Егер уқба нығметін және жаннатын түгел берсе, момындарға ишарат қылса керек, мехнат уә реніш, пәлені өзіне көрсе керек. Сопы егерде хилуетте болса, Хақ тағаланың зікірімен болса керек, егер халық арасында болса, шариғат әмірімен іс қылса керек. Әр уақытта дәрменде болса, оның дәргайына сабыр қылса керек. Сопы адалынан жеп, тәуба қылса керек, «илла бәқадри зәрурат» ға дейін күдікке түспегей.

Егер сопы дүние нығыметін тілесе – сопы емес. Егер дұға және зарлықпен мехнат қылса сопы тұрар уә шайқылық мақам мужәһада тұрар. Әһлі дүние жоғарыны тілер, әһлі ұқба төменді тілер, қорлық-зарлықты тілер. Егер сопыға пәле келсе зарланбас уә сабыр қылар. Егер сопының нәпсі нығмет тілесе нәпсінің тілегін бермегей уә сопы аш болса, жалаңаш болса көңілді болғай, сабырдан өзгені ықтияр қылмағай, қош тәвазиғылық болғай.

Бұл 10 мақам шариғатта тұрар және 10 мақам тариқатта тұрар, тәслім тұрар яғни пәле мен мехнат басына келсе, өзін тәслімге жан көңілімен салғай және ішпек, жемекті, кимекті халықтан тілемесін уә гилем пәрәсін атласти зияда көрсін. Күндіз ораза, кешке намазда болсын уә құран тилауатымен болсын. Нәзм: оқып құрал тилауат қылмағыл тәрк.

Десең ақырда болсын рақаты мәрк.

Уә егер тағам жесе уә киім кисе, ниеті ғибадат болсын уә әһлі мехнаттан өзгені зікір қылмасын уә ықыласпен болсын.

Сопы әр кеште намазы тәһәжжүдті тастамасын, қауіп пен рижа ішінде болсын. Егер сопы рия үшін тағатын түйірдей тағамға сатқай, тәңірі Әззә уә Жәллаға лайық болмағай. Және сопы жолына шындықпен қадам қойса керек уә шын сөйлесе керек, өйткені көңіл тілге хабар берер!

Және сопы нәпсіні қойдырып, фәни қылса керек, дүниеден сөйлемесе керек, Хақ тағаланың жадымен көңілді болса керек, уә және соны пәс лиқа болса, Хақ тағаланы тапқай. Егер отқа бақса Хақты көргей, уә егер суға бақса Хақты көргей, уә егер жоғары бақса Хақты көргей, уә егер төмен бақса Хақты көргей, уә егер ілгері бақса Хақты көргей, уә егер отырса Хақты көргей, мүшәһада көзімен. Уә және сопы «илмул-яқин» уә «әйнул-яқин» мақамын тапқай уә егер сыр көзімен жоғары бақсы, ғарышты көргей уә егер төмен бақса жеті қабат жердің есігін – «тәхта сәра» ға дейін пушти гау уә махиды көргей уә ешбір пердесі болмағай. Уә егер «хаққул яқин» көзімен көрсе мақлуқат пен мәснуғаттан кешіп, бичун уә бичугуна Хақты көргей уә мағрифатта барша қаунайн әлеміні көргей.

 Танық тұрар бейшак уә бейшубха.

Және сопы дүниеде уә ақыретте оның һиммәтіне сыймас, барша пейіш нығыметтері көзіне көрінбес және сопы деген Құдайдың сауығы да судай болып еріп ақса керек, көңілін Хақтың ризасына берсе керек, перзентіне уә малына бермесе керек. Және сопы дегенді көрінде таппағайлар, уә пул-сираттан да таппағайлар, уә жаннаттан да таппағайлар, Хазіреті Уажип тағаланың қурбыдан тапқайлар.

Егер сопы айтса: «Ей бар Құдай-а, барша асиларды маған бағышта», десе Хақ тағала оның сөзін қайтармағай. Уә және сопы Хазіреті Хақ тағаладан нида естімегенше жанын бермегей, Мүңкір-Нәңкірден әндіша қылмағай, қияметті әндіша қылмағай, хормен қусурға қарамағай, қашан малик Ғаппарды көрмегенше. Және де сопы дегеннің барша істерден көңілі суық болса, нәпсі шәһуаттан таза болса, батыны апаттан таза болса, жүрісі таза болса, батыны мықты болса, көзі екі дүниеден дута болса, сыры афарухта болса ғана сопы болар.

Бұл айтылған сексен мақам болды!

Ей, дәруіш, әр бір мақам бір пайғамбардың мақамы тұрар. Әуелі Хазіреті Адам әләйһиссаламның уә ақыры Мұхаммед Мұстафа сәллаллаһу әлайһи уәссаламдыкі тұрар. Сұлтан ул-машайық Хазіреті Қожа Ахмет Яссауи рахметуллаһи әләйһи айтқанындай, жетпіс ғылым, әдепті білмегенше, жетпіс мақам жолын тай қылып кезбегенше, әркім шайқылық мақамы дағуасын қылса, ол әрқашанда бут болғай!»

Шайқы Сирри Сақти рахметуллаһи әләйһ айттылар: «Пақыр бір тау болар, барша кендердің мекені тұрар».

Шайқы ул-машайық Қуддус аллаһу тағала әруаһаһу айттылар: «Пақыр бір дария тұрар, ол дарияның шегі жоқ, оның шегін кісі көргені жоқ».

Бажуз Хазірет Мұхаммед Мұстафа сәллаллаһу әләйһи уә ашиһи сайиду-т-таифат Хазірет Жунаид Бағдади айтыпты: «Пақыр бір пушта тұрар».

Саййид Ахмет Қубара айтар: «Пақыр Құдайдың нұры тұрар, әр кімге ол нұрдың зиясы тисе, оның зиясынан ғишқы кемел табар».

Шайқы Ахмет айтты «Пақыр тәж дәулет тұрар кім басына киді екі жиһанда мәңгілік сұлтан болды».

Шайқы Шақық Балхи рақметуллаһи әләйһи айтар: «Пақыр бір от тұрар әр кімнің көңіліне түсті, ужуды алтын болды».

Шайқы Ахмет Жами айтар: «Пақыр бір шарап тұрар. Әр кісі тамшы ішті, қияметке масликаиа болды».

Шайқы Қутбиддин Хайдар айтар: «Пақыр Хуәндәннің жәзәбәсі болар, әр кімге тисе екі жиһанда мұратына жетті».

Қожа Абдулла Хайдар айтар: «Пақыр хидаяти Рәббәна тұрар. Әр кімге жол тапты, жаудана сұлтандығын тапты».

Шайқы Мансұр Халлаж айтар: «Пақыр Хақ тағаланың дидары тұрар. Әр кім көрді, көрмеді».

Луқман Сәрһаси айтты: «Пақыр Шахбази һиммәт тұрар. Әр кімге қонды, ол кісі ғарышқа ұшты, ламекенді сайран қылды».

Уә машайықтар қаулы былайша болар: – Пақыр Хақ тағаланың уәслі бауының дарақты тұрар, решәсі һидаят тұрар, мәуесі қайыр саһауат тұрар, саясы қанағат тұрар, оның бойы сауық тұрар, оның жапырағы әр кімге тиді, амали сали пайда қылды, әр кім мәуесін жеді, өмірі жәудана тапты уә егер исі әр кімге тисе мас-қайран болғай уә егер саясыда орын алса, ақиқат аптабы соған түскен.

Ей дәруіш, пақырдың алты әдебі бар тұрар. Олар: – жақсы-жаман сөзге тыныштық қылмақ, уә пір алдында тыныш болмақ уә пірдің ижәзатысыз сөйлемеу уә кісімен ашусыз болмақ уә хас ғалымның қызметін қылмақ уә нәпсін өлтірмек уә ауайы әуесті тәрк қылмақ.

Пақырдан пәкіза нәрсе болмас!!!

Пақыр ғурбат тұрар, аш болмақ тұрар, уә егер аш болса оның дәреті және зікірі көңілінен кетпес, уә егер тоқ болса, фасадтар пайда болар.

Пақыр мақамы сегіз тұрар: әуелі – тәуба тұрар, ғибадат тұрар, махаббат тұрар, сабыр тұрар, шүкір тұрар, ырза тұрар, захид арифтық тұрар.

Бұл нәрселер әуелі Хазіреті Адам әләйһиссәләмнен қалды.

– абидтық – Хазіреті Ідіріс әләйһиссәләмнен қалды.

– шүкір мен махаббат – Хазірет Ибраһим әләйһиссәлемнен қалды.

– Сабырлық Хазірет Айюб әләйһиссәлемнен қалды.

– ырзалық – Хазірет Мұса әләйһиссәлемнен қалды.

– захидтық – Хазірет Иса әләйһиссәлемнен қалды.

– арифтық – Хазіреті Мұхаммед Мұстафа салләлаһу әләйһи уәссәләмнан қалды.

Пақыр мәртебесі жетеу тұрар: жомарттық тұрар: сипаһийлық тұрар, хирка тұрар, сабыр тұрар, қанағат тұрар, шүкір тұрар, тәуекел тұрар.

– жомарттық – Хазіреті Әліден қалды.

– сипаһийлық – Хазіреті Сүлеймен әләйһиссәлемнен қалды.

– ғурбаттық Яхя әләйһиссәлемнен қалды.

– сабырлық пен ырзалық – Хазірет Айюб әләйһиссәлемнен қалды.

– қанағаттық – Хазіреті Мұхаммед Мұстафа сәлләлаһу әләйһи уәссәламнан қалды.

Әрбір дәруіш бұл жеті мақам дәруіштікті білмесе, яки біліп амал қылмаса, шайқылық уә мүрит алмақ оған арам тұрар.

Ей дәруіш, бұл пақырнамада барлық өсиеттер біттілді, кәламы Раббани уә хадиси Нәбәуийден уә ижмағы үметтен бітілді.

Әрбір тәлип бұл өсиеттерге амал қылып, ыстықәмат қылса, дүние мен ұқба оған муяссар болғай уә егер амал қылмаса, ақырғы демін де орнын көріп пұшайман қылғай уә ақірет шермендесі болғай.

Әр дәруіш бұл 40 мақамды білмесе, және амал қылмаса, оның шайқылығы шайтандық тұрар!

Әуелі мақамы – малақут,

Екінші мақамы – лахут,

Үшінші мақамы – насүт,

Төртінші мақамы – жибарут.

– мақам жабарут – шариғат тұрар,

– мақам малақут – тариқат тұрар,

– мақам лахут – мағрифат тұрар,

– мақам насут – ақиқат тұрар.

Уәллаһу әғлам бис-сауаб!

Мұнәжат бәдәргәһи қази юл хажат

Жәллә жәлләлаһу

Мұнажат бастады міскін құл Қожа Ахмет,

Иләһи қыл пендеңді рахмет.

Ғаріп Ахмет сөзі һаргиз қарымас,

Егер жер астына кірсе шірімес.

Және мансұқ болып ол қор болмас,

Оқыған пенделер беймар болмас.

Оқығанға қылармын анда шапқат,

Қиямет күні де қылғым шапағат.

Құдайым қылса ниғам маған жәннат,

Оқығандарды қылармын мен шапағат.

Тілегі не болса да тәңірі бергей,

Махаббат сауығын көңілге салғай.

Жамалын көрсетіп пәруәрдігерім,

Өзінің жолына салсын бір уә барым.

Құдайым етсін мақшарда һуррам,

Қиямет күн Арығ затына мәһрам.

Дұғаға көңіл берсе әр мұсылман,

Өлер уақытта қосылғай нұры иман.

Менің хикметтерім әлемге толған,

Тыңдамай әр кім өлсе, қылғай арман.

Менің хикметтерім дерттіге дәрмен,

Кісі иісін алмаса ол жолда қалған.

Менің хикметтерім әлемде дастан,

Руһым келсе қылар сұхбатты бостан.

Менің хикметтерім кені хадисдур.

Кісі иісін алмаса, білгіл хабисдур.

Менің хикметтерім тәлиптің рызқы,

Егер шындығы болса жүрмі фисқы.

Менің хикметтерім пәрманы Сұбхан,

Оқып ұқсаң барлығы мағынасы Құран.

Менің хикметтерім әлемде Сұлтан,

Қылар бір лезде шөлді гүлістан.

Менің хикметтерім сауығы махаббат,

Көзінің жасымен қылғай дәрет.

Намазына Расулулла имамы,

Оның қауымы мәлайыктар тәмамы.

Шикәстәлікпен қылған намазы,

Қабыл болғай оның халыққа ниязы.

Менің хикметтерім ғашыққа айтың,

Көңілі айнадай садыққа айтың.

Барлығы қор, керең батыны ғазоф,

Барлық іқлымды кездім таппадым саф.

Менің хикметтерім сарапқа айтың,

Құдайы бәкәрам Уахаббға айтың.

Әділет патшасының бір аты Садық,

Қылар бір лезде уәсліңе лайық.

Менің хикметтерім надан естімес,

Жүрегі, көңілі қара үгітім алмас.

Қатындан бейхабар Аллаға мүнкір,

Әдепсіз, бейәдеп дүниеде бейпір.

Қатыны жазса әр кім нәср жазсын,

Уәли нәср жазып мақсатқа жетсін.

Діні, иманы жоқ, исламы ойран,

Қиямет таңы атса, жолда қалған.

Пірі кәмилді көрмей шайқы Сұнған

Құдай қылмас қабыл, оқыса Құран.

Өзің шайқы санар көлбары хали,

Жиырма беске жетпей оны сали.

Насихаттар қылар жас пен кәріні,

Өзі аңдамайын жақсы-жаманды.

Олардың сөздері залым уә зәлдүр,

Шариғат әһлі бұл елден һижилдүр.

Инансын, деп мұны бір неше бейақыл,

Қыларлар әулиелерден мұны нақыл.

Қойып аяғын гулзаргахтарға бейпір,

Тілі мәкірмен айла, қылғаны тәзуір,

Оның мәкірі болар шайтаннан әғла,

Жүзі қара болар мақшарда таңда.

Олардың көрмеңіз жүзін һаргиз,

Ондай лағынетіден жасаңыз пәрхез.

Зәбани хал менен әғманы айттым,

Ақиқат сөзімен жаһилді сөктім.

Егер ғалым болса жаным тасадық,

Дүр, гауһар сөзімді есітіп ұқ.

Дүр гауһар сөзін әлемге шашса,

Оқып ұқса Хақтың кәламын ашса.

Сол ғылымға жан құрбан қылармын,

Барлық мал-жанымды иһсан қылармын.

Кәні ғалым, кәні амил жарандар,

Құдайдан сөйлесе жан беріңіздер. 

Шын ғалым жастығын тастап жаратты,

Не ұқты, оны әлемге айтты.

Өзін білді кейін Хақты білді,

Құдайдан қорықты да инсапқа келді.

Менің хикметтерім дана естісін,

Сөзімді дастан қылып, мақсатқа жетсін.

Менің хикметтерім пейлі мен қаулы,

Ділі, көңілінде болса, зікірі Мәулі.

Менің хикметтерім бір пірі камил,

Қай бір пенде Құдайға болса майыл.

Менің хикметтерім хобларға айтың,

Дұға, тәкпір қылып, рақметке батың.

Менің хикметтерім пірі зәбәрдәст,

Естігендер болар бейхуш уә сәрмәст.

Тірі болса, жиһанда қор болмас,

Оқыған пенделер беймар болмас.

Қияметте оған хади болармын,

Егер дертті болса, дәрі болармын.

Егер жүз жыл өмір көрсе кәрімас,

Егер жер астына кірсе шірімес.

Құдай қылғай оны дозақтан азат,

Беһішті жаунданда қылғай шат.

Егер хикмат ұқса аюханнас,

Болар перзент маған ол тәлибі хас.

Естіп хикматімді гөшә алған,

Ата қылғай өлер уақтыда иман.

Яссауи хикматін дана естісін,

Естігендер барлығы мақсатқа жетсін.

Жауһір кеңінен бір нүкте алсын,

Естімеген барлығы қасіретте қалсын.

Кісі хикмат естісе жаныменен,

Шығар жаны оның иманы менен.

Құлаққа алмағай бұл сөзді надан,

Оны адам деме, ол жынысы айуан.

Құдайым сөзінен шыққан бұл хикмат

Естігенде жауар бараны рақмет.

Менің хикматтарім кім тұтса бекем,

Құдай қылғай оны әлбетте бейқам

Кірер жаннат ішіне шат хәндан,

Құдайым болдырғай мәсрур уә шадан.

Менің хикматтерім Хақтың санасы,

Махаббат әһлінің дертіне дауасы.

Менің хикматтерім қант пен әсел-дүр,

Барша сөздер ішінде бейбәделдүр.

Менің хикматтерім инғамы Алла,

Сәһәр уақытында десе «астағфиралла».

Оның шайтан лағынет тұтпас жолын,

Мухаммед Мустафа алғай қолын.

Пайғамбар үмбетім деп мейірі таулар,

Әзәзілді құдайым өзін қуалар.

Менің хикматтерім дертсізге айтпа,

Бағасыз гауһарым наданға сатпа.

Яссауи хикматінің қадіріне жетгіл,

Ғишқтың хумынан мәйді бір тамшы татғыл.

Ғишқтың хумынан кісі бір тамшы татғай,

Құдайдың уәсліне бір жола батғай.

Уәллаһу ағлам бис-сауаб

Тәммат ул-китаб би-әуи ил-мәлик-ил-Уаххаб,

Әл-муәмма «фақирнаман уә мұнажатнаман»

Хәзрәти Хожа Ахмәд Яссауи».

***

Түсіндірме – сөздік

Абид – ғибадат қылушы

Азза мен жаллә – Құдайдың атымен аталатын сөз жеңімпаз, құдіретті мағынада.

Акрам – өте жақсы – құдайдың аттарының бірі.

Амали сали – жақсы амал.

Амил – білуші.

Айнул – яқин – бірнәрсені өз көзімен көріп, сену.

Ариф – білімді, дана.

Арифи – биллаһ – алланы таныған кісі.

Аси – күнәкер.

Ахкам – шариғат үкімдері.

Афарухта – таза.

Аюханнас – ұлық адамдар

Әнбия – пайғамбарлар

Әмірі – мағруф – шариғат қағидаларын насихаттау

Әғма – сауатсыз, ауам

Әғла – биік болу, өте жақсы

Бажүз – ұлықтық. Пайғамбардың атымен аталады

Баран – жамғыр

Батыл – жалған, жасанды

Батын – ішкі, көңіл көзі

Бәрпай – екеуіне бірдей амал қылу

Бибадал – өзгерілмеу

Бидғат әһлі – жаман ойлаушылар

Бисмилла – Алланың атымен

Бихамдиллаһ – Құдайға шүкір

Бейчун – бейчугуннә – ұқсасы жоқ, сырт пішіні жоқ

Пырақ – Мұхаммед пайғамбардың ғарышқа ұшқандағы аты

Гөше алу – құлаққа алу, тыңдау

Гузаргаһ – көпір, өткел

Ғани – бай

Ғайри Хақ – Алладан басқаны талап қылу

Ғарыш – аспанның ең жоғарысы космос

Ғаууас – суда жүзуші

Ғурбат – 1. Қайғы, уайым, қасірет

                2. Жат ел, жат жер.

Ғусул – жуыну, барлық денеге су жеткізу

Дарян Умман – Көңіл дариясы, үлкен дария

Дута – үміт үзу

Жабарут – ұлық, ұлылық

Жазаба – құдайдың атымен зікір айтып, денені әрекетке келтіру

Жәнабат – жуылмаған, таза емес

Жанып келу – қайтып келу

Жаундан – ұлық дәрежеде орныны көру

Жәһил – надан, топас

Жебірейіл – Алла мен пайғамбар ортасында хабар жүргізуші періштенің аты

Жузву кулл – үлкен-кіші

Забыт болу – иелену, басып алыну

Залым уә зал – шариғаттан тыс сөздерді сөйлеу, жұмыс қылу

Заһид – дүние қызығынан кешіп, ғибадат қылушы, сопы

Зәбаны хал – тілмен ілім айтып білдіру

Зәһид – әрекет

Зікірі Мәулі – Құдайдың зікірі

Ижмағи – жинау, жәм қылу

Изим – пәруардигер

Илмил – яқин – нәрселерді сенімді адамдар арқылы дұрыстығын білу

Иһанат – кемсітілу, қорлану

Ғишқ – 1. Махаббат. 2. Ғашықтық.

Қауыл – сөз

Қаунайн – дүние

Кәламы Рәббаны – Құдайдың сөздері

Камили мукәммал – жетілген, өте жетік

Көлбары хали – ішінде нәрсесі жоқ, бос

Қутб-ул-ақтаб – әулиелердің ұлығы, патшасы

Ламекен – мекенсіз

Лахут –иллаһи ғалам

Лиқа – 1. Жүзі. 2. Көру, кездесу

Луқма – тағам

Малакут – 1. Патшалық. 2. Періштелер ғаламы

Мән раббук – Раббың кім? Мункар – Нәкірдің көрдегі сауалы

Мақам – 1. Жай, орын. 2. Дәреже

Мақамат – мақамдар

Махи – су

Мәрк – өлім

Мәртебе – дәреже, абырой, адамгершілік

Мәсиуат – жаратушы

Масрури – шадан, жүзіні айдын қылу

Мәшайық – шайқылар

Мәһрам – сырлас, жақын дос

Миғраж – Мұхаммед пайғамбардың ғарышқа көтерілуі

Мужтаһид – ынталы, иждағатты

Мүнажат – құдайға жалыну,  жалбарыну

Мунқатиғ – үзілу

Муңкар-Нәңкар – көрде сауалға алушы екі періште

Мурдар – арам, сасыған, өлімтік

Муртәд – жолдан шыққан

Мурит – пірге қол берген кісі

Мусулләм – мұсылмандық белгісі

Мустаһиқтар – міскін пақырлар, нәзірді алушылар

Мутәқалдам – дамыған, алдыңғы

Мухталиф – әр түрлі, алуан болу

Муһиб сену, жинау

Мушаһада – байқау, бақылау, көру

Мушәрраф – жолығу

Муяссар – сәтті болу, жолы түсу

Насут – адамдар өмір сүретін дүние. Шариғат және ғибадат мағынасында

Нәлім – тәртіп, поэзия

Нәйрауиғилиғ – мойын бұрмау

Нәһи мункар – жаман істерден қайтару

Нида – хабар, жақсы хабар, құлаққа жағымды

Пусират – қыл көпір

Пушта – көрінбейтін, майда

Пушти гау – өгіздің сырты, үсті

Пірі Муған – мүритті жолға салушы, пір, ишан

Расулулла – Алланың елшісі, пайғамбар

Рәббана – ей, біздің пәруардігеріміз

Рәд – қайтару

Рәзи – яллах – Алла одан ырза болсын

Рәшәси – тамыры

Рисала – кітапша, хат

Риязат – қиыншылық, машақат, Сопылардың құдай жолындағы мехнаттары

Руаят – нақыл қылу, әңгіме айту

Сәййид ул-мурсалин – пайғамбарлар ұлығы

Сәййид ут-танфә – тайпалардың ұлығы

Сали – жақсы

Сармаст – мас болу, жеңіл-желпі мас болу

Саттар – жасырушы, Құдайдың бір аты

Сәбілірах – көбірек

Сәллалаһу әләйһи уәссәлам – Алланың оған дұғасы және сәлемдері болсын

Сәффан сәффа – сапқа тұрыңдар

Тәжрид – ажыралу

Тәйиб – жақсы, ұнамды

Тахт әс сара – жер асты

Тәуазиғ – бейшарашылық

Тәжжал – адамдардың діннен азғырушы бір мақлұқ

Тәзуір – айла қылу

Тәлибі хас – менің тәлибім, жақсы оқушым

Тәлип – 1. Құдайды іздеуші талапкер.

               2. Студент, оқушы

Тәрк қылу – тастау, қалдыру

Тәслім – тапсыру, берілу, қолға беру

Тәфрид – жалғыз болу

Тәһәммул – 1. Ойлау. 2. Шыдау.

Уәжіп – керек, қажет, орындалу керек болған

Уақифи әсрар – өз біліміне тоқтау

Уәһи – сырыны ашу

Уерд – оқылатын дұғалар, намаздар

Уә – және, тағы, мен, пен

Уәллаһу әғлам бис-сауаб-алла – туралықты білушірақ

Ұған Изим – құдай, тәңірі

Ұжұм – 1. Болмыс, тұрмыс. 2. Бар болу.

Ұқба – 1. Ол дүние, ақырет. 2. Төбе, тосық.

Фасад – бұзықтық

Фәзла – қалған нәрсе, қалдығы, аз мөлшердегі қалдығы

Фәнн – жоқ болу

Фитна – қаскүнемдік, қастандық

Хади – тура жолға баулушы

Хадис – сөз, пайғамбарлар сөздері

Хақир – пәс, төмен, қор

Хаққул яқин  – бір нәрсенің сипатын ішкі сезімдермен білу

Хақраһ – Алланың жолын білу

Хали уақиға – дін ілімін жетік білу

Хамр – шарап

Хирқа – шайқы, дәруіштердің арнайы үсткі киімі

Һу-һу  – Алланың есімін зікір ету

Һабиб – жақын дос, сүйікті

Һидаят – жәрдемші

Һижил болу – ұятты болу

Шәт хандан – көңілі хош болу, курсент болу

Шаһауат – бірнәрсеге болған талаптың шектен тыс көптігі

Ібіліс – шайтанның аты

Язуқ – тағдыр, жазмыш

Яри беру – жәрдем беру

Яссі – жалпақ, жазық, тегіс, жайпақ       

   [A1] 


 [A1]

Алғашқы пікір жазушы болыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail басқалаға көрінбейтін болады.


*